Инженерлік компания · Алматы
Нысанның байланыс жүйелері — жоспарлаудан мониторингке дейін
Шахта жағдайында байланыс жүйелерін жоспарлау, салу және пайдалану. Techcom Mine бағдарламасы шахтаның 3D-моделінде әр құрылғыны, кабельді және аварияны орналастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ персонал мен көлікті позициялаудың қолданыстағы жүйелерімен интеграцияға қолдау көрсетіледі.
Techcom Mine өлшемдері
STR, DTM, DXF, OBJ, glTF және Datamine — сол күйінде жүктеледі
4 млн үшбұрышты модель кеңсе ноутбугында — бейнекартасыз және орнатусыз
Бір мезгілде 200 пайдаланушы болғанда
Түзету 0,17 с ішінде сақталады
Нысандар
суреттер — Techcom




гор. −120
Қызметтер
Өндіріске арналған байланыс желілерін жоспарлау және мониторинг жүйелерін енгізу және оларды техникалық қолдау
Байланыс желілері
ТОБЖ, радиобайланыс (TETRA, DMR), Wi-Fi, WiMAX және LTE — жер астында және жер бетінде.
Қолданыстағы желі аудиті
Не жұмыс істейді, тар жерлер қайда және алдымен нені ауыстыру керек — есеп және жаңғырту жоспары.
Бейнебақылау
Қазбалар мен нысандардағы камералар; бейне модельдегі құрылғы карточкасында ашылады.
Желіні паспорттау
Нысандарды зерттеу және байланыс сызбалары мен жабдықты шахтаның 3D-моделіне көшіру.
Интеграция
1С:ТОИР, SCADA, Power BI және кәсіпорынның басқа жүйелері — API арқылы.
Енгізу және сүйемелдеу
Орнату, кезекшілер мен инженерлерді оқыту, техникалық қолдау.
гор. −240
Бағдарлама
Techcom Mine
Шахтаның барлық жүйесі 3D-модельде — және олардың қазіргі күйі
Байланыс, позициялау, өрт дабылы, желдету — нысандағы жүйелер көбейіп келеді, олардың көбіне адамдардың қауіпсіздігі байланысты. Techcom Mine оларды бір 3D-модельге жинайды: мониторинг, дамуды жоспарлау, есеп және аварияларға жедел әрекет ету.
гор. −360
Кезеңдер
Зерттеуден кезекшілікке дейін төрт қадам
Зерттеу
Қазбалар, қолданыстағы желі, маркшейдерлерден шахта моделі.
Жоба
Желі сызбасы, жабдық, смета — бірден 3D-модельде.
Монтаж және баптау
Жер астында және жер бетінде; атқарушы құжаттама — қалтада емес, модельде.
Мониторинг және қолдау
Желі Techcom Mine-да: кезекшілер аварияларды бірден көреді.
1-қадам · зерттеу
Зерттеуге арналған бастапқы деректер
Жауаптар жұмыс көлемі мен енгізу тәртібін анықтайды. Оларды алғашқы кездесуге дайындап алған ыңғайлы.
- Маркшейдерия қандай БЖ-да жүргізіледі және модельді қандай форматтарда экспорттауға болады?
- Қандай ТОИР немесе EAM жүйесі қолданылады (1С:ТОИР, SAP PM, Maximo) және оның API-і бар ма?
- Кәсіпорын желісінде қандай хабарлама арналарына рұқсат етілген: пошта, Telegram, SMS-шлюз?
- Сервер қайда орналастырылады: кәсіпорын желісінде ме, әлде бұлтта ма?
- Қанша шахта, объект және бір мезгілдегі пайдаланушы жоспарланып отыр?
гор. −480
Байланыс
Шахта туралы айтып беріңіз — бір күн ішінде жауап береміз
Демоға қолжетімділік өтінім бойынша беріледі: логин мен құпиясөз поштаға келеді. Демода үш синтетикалық шахта бар — «Северный», «Восточный» және «Западный» — авариялармен, адамдармен және тикеттермен.
- жобалар
- sales@techcom.kz
- демо
- demo@techcom.kz
- жалпы
- info@techcom.kz
- телефон
- +7 701 911 21 24
- мекенжай
- 050010, Алматы, Зенков к-сі, 25